1 қазанда мектепте «Адал азамат» біртутас тәрбие бағдарламасы аясында 7 сыныптар арасында ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Оқушылар қазақ ұлттық ойындармен танысты, олар: садақ ату, асық ату, хан талапай, теңге алу, арқан тартыс, таяқ тартыс. Қатысушылар күш, ептілік, зеректік, дәлдік көрсетті.