2025 жылдың 25 қыркүйегі күні Оңтүстік бөлімшенің полиция инспекторы 7 «В» ,10 “С” сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі;
2. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу;
3. Мектеп ортасындағы буллинг.
Буллинг тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оқушыларға буллингтің себептері, көрініс формалары, салдары және оны болдырмау жолдары түсіндірілді.
Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың жауапкершілік сезімін дамытуға ықпал етті.


