«Біз әртүрліміз – біз теңбіз» сынып сағаты

2025 жылдың 10 қыркүйек күні мектебіміздің 8 «С» сынып оқушыларына мектеп психологы мен сынып жетекшісінің бірлесуімен буллингке қарсы «Біз әртүрліміз – біз теңбіз» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты: білім беру ортасындағы буллингтің (кибербуллингтің) алдын алу, оқушылардың буллинг туралы білімін кеңейту, тиімді қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту. Сынып сағаты барысында оқушылар буллинг ұғымы туралы нақты мағлұмат алды. Helium атты қысқаметражды мультфильм көрсетіліп, оқушылар оның желісі бойынша талдау жүргізіп, өз пікірлерін ортаға салды. Топтық жұмыс кезеңінде оқушылар белсенділік танытып, бірлесе жұмыс істеп, тақырыпты толық аша білді. Сынып сағаты оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға, бір-біріне деген құрмет пен түсіністік қалыптастыруға бағытталды. Сынып ішінде жағымды психологиялық ахуал орнатуға ықпал етті.