2025 жылдың 23 қыркүйегінде мектеп психологының бастамасымен және 8 «А» сынып оқушыларының белсенді қатысуымен 7-сынып оқушыларына арналған қызықты квест-ойын өткізілді. Іс-шара оқушылардың бірлік пен командалық дағдыларын дамытуға бағытталды. Іс-шара барысында оқушылар топтарға бөлініп, бірлесе жұмыс жасады. Алдын ала дайындалған карта бойынша белгіленген орындарға барып, түрлі қызықты тапсырмаларды орындады. Бұл квест оқушылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуін нығайтып, командамен жұмыс істеу дағдыларын дамытты. Шара өте көңілді әрі әсерлі өтті.