“Адал азамат” біртұтас тәрбие беру бағдарламасын және “Балалар кітапханасы” жобасын жүзеге асыру барысында 2025 жылдың 10 қазаны күні төмендегідей іс шара өтті.
Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен әр тұлғаның кітап оқу мәдениетін қалыптастыру үшін «Западный» кітапахана филиалы кітапханасының қызметкерлері IV облыстық «Оқы және жең» онлайн байқауды насихаттау мақсатында, «Озат» МАТМЛИ 7 «А», 7 «В» сынып, 8 «А», 8 «В» оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, аталған байқауға қатысуға шақырды.
Кітапхана қызметкерлері http://www.kitap10.kz/. сайтқа тіркелу арқылы төрт кезеңнен тұратын байқаудың 2025 жылдың 10 қазанынан бастап, 2026 жылдың 16 қаңтарында аяқталатыны туралы толық ақпарат алуға болатынын атап өтті.