“Адал азамат” біртұтас тәрбие беру бағдарламасы және “Балалар кітапханасы” жобасын жүзеге асыру мақсатында, МАТМЛИ “Озат” 9-10 сынып оқушылары Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының шақыртуымен Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай “Абай еліне саяхат” атты іс шараға қатысты. Кітапхананың әр бөлімдерімен жақынырақ танысып, кітап сақтау бөлімі мен кітапхана мұражайында болып, газет журналдардың қалай сақталатындығын көрді. Оқушылар “Абай еліне саяхат” іс шарасына қатысып,
ақынның өлеңдерін жатқа оқып, сұрақтарға жауап беріп естелік сыйлықтарға ие болды.