«АдалAzamat» жобасын жүзеге асыру аясында МАТМЛИ «Озат» тәрбиеленушілері тәрбиеші Кенжебаева-Бейсембаева Бақытгүл Бақытбекқызымен бірге тарихи-революциялық ескерткіш — «Ату қабырғасына» барды. Бұл ескерткіш — 1919 жылдың наурыз–сәуір айларында болған Қостанай шаруалар көтерілісінің қатыгез түрде басып-жаншылуының куәсі. Қабырғаның бір бөлігі көпестің қора-жайының қабырғасы болып табылады. Қабырға бетінде оқ іздері анық байқалады.

Ескерткіш тақтада екі тілде мынадай жазу бар:
«Осы қабырға түбінде 1919 жылдың сәуір айында жүз жыл бұрын, Колчактың жазалаушылары Қостанай шаруалар көтерілісіне қатысқан қызыл партизандарды жаппай атты».