Бүгін біз үшін мақтанышқа толы күн!
«Аргумент» командасы – Сапар Ернияс пен Сапар Гүлназым облыстық дебат турнирінде 1-орынды жеңіп алды!
Мемлекеттік тілде өткен «ZAN JANE TARTIP CUP» және «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты турнирде шәкірттеріміз жоғары деңгейде ойнақтап, шешендік пен логикалық дәлелді әңгіме айту қабілетін үздік көрсетті.
Біздің дебатшылар – табандылықтың, білімнің және жүйелі еңбектің үлгісі!
Осындай нәтиже – тыңғылықты дайындықтың, өзіне деген сенімнің және мықты командалық жұмыстың жемісі.