Мектеп психологының ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларына арналған «Жақсы көңіл күй сыйла» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – психикалық денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру, өзін-өзі реттеу, стресске төзімділік пен өміршеңдік дағдыларын дамыту.
Сынып сағаты барысында оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, жағымды эмоциялармен бөлісті. Бұл сабақ оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, сенімді әрі қолайлы атмосфера қалыптастыруға ықпал етті.