«Мен және менің ортам» 7 сынып оқушыларына арналған тренинг

2025 жылдың 3-4 қыргүйек күндері мектебіміздің 7 сынып оқушыларымен «Мен және менің ортам» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты: сынып оқушыларын біріктіру, сыныпта қолайлы психологиялық ахуал туғызу. Сыныпта тиімді командалық өзара әрекеттестік құру. Тренингке барлығы: 40 оқушы қатысты. Жаттығуларды орындау барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Топтық тапсырмаларды орындау арқылы  бір- бірімен жақын танысып, өзара қарым- қатынас нығая түсті.