“Адал азамат” біртұтас тәрбие беру бағдарламасы және “Балалар кітапханасы” жобасы аясында Республика күніне орай, 2025 жылдың 21 қазан күні “Западный” кітапханасы филиалында өткен “Менің Қазақстаным-менің арманым” атты іс шараға 7-8 сынып оқушылары қатысты.
Іс шараның мақсаты: Өскелең ұрпақты елін сүюге, тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
7 А сынып оқушылары Көбей Инабат, Ташмагамбетов Нуралы “Алаш аманаты” күйін орындап, 8 А сынып оқушылары Тарғынқызы Жәния мен Наурзум Айя “Отан”, “Туған жер” тақырыбында өлең оқып, іс шараға белсене қатысты.


