Қазақстан Республикасының күніне арналған «Мақтанышқа толы мерейлі апта» тақырыптық апталығы аясында, сондай-ақ «Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы мен «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру мақсатында СШЛИИТ «Озат» мектебінде бірқатар тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Апталық жоспарға сәйкес 9 «А» сынып оқушылары 2025 жылдың 10 желтоқсанында қалалық кітапхананың «Батыс» филиалында өткен «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты тарихи сабаққа қатысты.
Оқушылар А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Шаукенов Жангелді Асенұлының мазмұнды баяндамасын тыңдап, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тәуелсіздіктің қалыптасуындағы рөлі мен тарихи маңызы туралы құнды мәліметтер алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын насихаттау, тарихи өткенге құрмет сезімін қалыптастыру, оқушылардың азаматтық ұстанымы мен патриоттық рухын дамыту.




